Kyzylorda-news.kz  Биыл Қазалы аудандық, облыстық маңызы бар, қалалық деңгейде спорттық жарыстар өткізу үшін 11462,0 миллион теңге бөлінді. Республикалық, облыстық жарыстарға әр спорт түрлері бойынша құрама командалардың мүшелерін дайындап, қатыстыруға 30851,0 миллион теңге қаралды. Мемлекеттік-әлеуметтік тапысырыс шеңберіндегі қызметке 13805,0  миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар маусым айында басталатын болады.

Осы жылдың үш айында Қазалы ауданында 34 бұқаралық спорттық іс-шара өткізілді. Оның ішінде, республикалық турнир – 4, облыстық турнир – 4, аудандық турнирлер мен жарыстар – 26 болып тұр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаға сәйкес 2024 жылға дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналыстан азаматтардың үлесін 40 пайызға жеткізу межеленген. Өткен жылдың қортындысымен Қазалы ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары халықтың 39 пайызға көтеріліп, 30930 адамға жетті. (2022 жылы 38 пайыз немесе 30096 адам). Өткен жылы Қазалы ауданы аумағында халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық 139 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 10000-ға жуық адам қатысты. Оның ішінде, халықаралық турнир – 1, облыстық турнир – 24 және аудандық турнирлер мен жарыстар – 114. Сонымен қатар, былтыр мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 10,565,3 миллион теңге бөлініп, 29 спорт нұсқаушысы Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және 19 елді мекенде 6220 адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулыды.

Денешынықтыру жүйесіндегі жетістіктер

Ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша Қазалы ауданы спортшылары Халықаралық турнирлерде 2 күміс, 2 қола, Республикалық турнирлерде 9 алтын, 7 күміс, 14 қола, Қазақстан Республикасы чемпионаттарында 5 алтын, 4 күміс, 8 қола, Қазақстан Республикасы Кубогінде 4 алтын, 8 күміс, 10 қола облыс біріншіліктерінде 55 алтын, 24 күміс, 16 қола, облыстық турнирлерде 5 алтын, 3 күміс, 3 қола жеңіп алды. Өткен жылы Қазалы ауданының спортшылары Әлем чемпионатында 6 алтын, 9 күміс, 3 қола, Азия чемпионатында 6 алтын, 9 күміс медаль жеңіп алды. Халықаралық турнирлерде 3 алтын,13 күміс, 12 қола медальдарын иеленсе, әр спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 23 алтын, 32 күміс, 36 қола медаль иеленді. Бір спортшы Халықаралық дәрежедегі спортшебері атанды. Төрт спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындаса, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер 96 спортшы атанып, 10 спортшымыз спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командасына енді.

Спорттық инфрақұрылым – Қазалы ауданы бойынша 1 стадион, 2 спорт мектебі (№17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер және №18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі) және 5 спорт кешені қызмет етеді. 2024 жылы, Әйтеке би кентінен (628,743 миллион теңге), Бекарыстан би (398,494 миллион теңге), Қожабақы (537,149 миллион теңге), Бөзкөл (500,0 миллион теңге) ауылдарынан спорт кешендердің құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Шынар Өтегенованың 160 орындық «Amir Arena» спорт кешені пайдалануға беріледі. Спорт кешенде күрес залы, ауыр атлетика залы, ойын түрлеріне (футбол, баскетбол, волейбол, қол добы) арналған залы бар. Сонымен қатар, барлығы 54 жасанды алаң бар. Оның ішінде, Әйтеке би кентінде 22 жасанды алаң, Қазалы қаласында 4 жасанды алаң, 28 жасанды алаң ауылдық округтерде орналасқан. 2023 жылы Жанқожа батыр, Майдакөл, Бекарыстан би, Қашақбай Пірімов, Басықара, Ақсуат, Жанкент ауылдарындағы спорт алаңдары бюджет есебінен жөндеуден өткізілсе, Бөзкөл ауылындағы спорт алаңы жеке кәсіпкердің демеушілігімен жөнделді. Қазалы аудандық білім беру ұйымдарында 43 спорт залы бар.

Дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің Қазалы спорт клубы

Қазалы спорт клубы 2013 жылы құрылды. Клубтың теңгерімінде Жалаңтөс Баһадүр атындағы орталық стадион және спорт кешені жұмыс жасайды. Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадион 1992 жылы қайта қалпына келтіру мақсатында жөндеу жүргізіліп пайдалануға берілген. 2018-2019 жылдары аудандық бюджеттен 41 миллион қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда тұрақты деңгейде жұмыс жасайды.

2014 жылы Әйтеке би кентінен алғашқы болып 120 орындық спорт кешені бой көтеріп, пайдалануға берілді. Бүгінгі күні екі ауысым бойынша 818 спортшы 8 спорт түрімен жаттығады. 2024 жылға бөлінген қаржысы – 140940,0 теңге. Оның ішінде, республикалық және облыстық сайыстарға қатысуға команда және жаттықтырушыларға іссапарға қаралған қаржысы 6000,0 теңге.

Қазіргі таңда, штат саны 50 қызметкер. Оның ішінде, 13 жаттықтырушы және 5 спорт нұсқаушысы жұмыс жасайды.

№17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған Балалар-жасөспірімдер мектебі

№17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі 1968 жылы құрылған.

Мектепте спорттың 13 түрінен 1526 спортшы жаттығады. Мектепте – 44 жаттықтырушы және 4 әдіскер қызмет атқарады. Оның ішінде, 1 жаттықтырушы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, 6 жаттықтырушы жоғары санатты, 5 жаттықтырушы – І санатты және 8 жаттықтырушы – ІІ санатты.

Мектеп теңгерімінде Әйтеке би кенті, Қарасақал Ерімбет көшесі №100-Б үй мекен жайында орналасқан спорт кешені, Жанқожа батыр ауылындағы спорт кешені, Ү.Түктібаев ауылындағы спорт кешені, бокс залы және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында алынған екі ғимарат жұмыс жасайды.

2023 жылы №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары  Әлем чемпионатында 6 алтын, 6 күміс, 2 қола, Азия чемпионатында 4 алтын, 6 күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 15 алтын, 15 күміс, 13 қола медаль иеленді.

№18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Қазалы ауданының әкімдігінің 2004 жылы 3 мамырда №99 қаулысына сәйкес, «Казсельхозтехника» мекемесінің машина жөндеу ауласын спорт залына ыңғайлап, Қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі болып құрылды.

№18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 758 оқушы 9 спорт түрімен жаттығады. Мектепте 31 жаттықтырушы және 2 әдіскер қызмет атқарады. Оның ішінде І санатты 3 жаттықтырушы, ІІ санатты 4 жаттықтырушы.

Мектеп теңгерімінде Қазалы қаласындағы 2 спорт кешені және Қ.Пірімов ауылындағы спорт кешені жұмыс жасайды.

2023 жылы №18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Әлем чемпионатында 1 қола, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 4 алтын, 8 күміс, 7 қола медаль иеленді.

Алдағы міндеттер мен ұсыныстар бойынша – Қазалы ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 40,0 пайыз жеткізу; Ұлттық спорт түрлерін дамыту; Әйтеке би кентіне, Қазалы қаласына, Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел, ауылдық округтеріне дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жоба-сметалық құжаттармалары жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген спорт кешендерінің құрылыстарына қаржы бөлдіру; Әйтеке би кентінен балаларға арналған әмбебап 3 ойын алаңдарын салу; Жалаңтөс Баһадүр атындағы орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Тағы да оқыңыз: