Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында мешіт жамағаттары арасында кіші футболдан спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Мақсат – саламатты өмір салтын насихаттау, жамағаттар арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, жүлделі орындарға ие болған командалар қаржылай сыйлықтармен, арнайы диплом және кубоктармен марапатталды. Атап айтқанда, бірінші орынды «Нұралы» мешітінің командасы иеленіп, 100 000 теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Екінші орын «Әли Мұса» мешітіне бұйырып, команда 70 000 теңге көлеміндегі жүлдені жеңіп алды. Ал үшінші орынды қанжығалаған «Жанқожа батыр» мешіті 40 000 теңге сыйақыға ие болды.
Сонымен қатар, сайысқа белсене қатысқан өзге де командалар алғыс хаттармен марапатталды.