Kyzylorda-news.kz 23 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будвада қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Бокстан Қазақстан әйелдер, ерлер құрамасы әлем чемпионаты алдындағы дайындығын Алматы облысында пысықтап жатыр.
Бапкерлер штабы әлем біріншілігіне қатысатын спортшылардың есімін жария етті.
Аға бапкер Мақсат Бақтыбазаров Будвадаға бастап баратын ерлер құрамасы:
48 келі. Диас Берікбай
51 келі. Бексұлтан Боранбек
54 келі. Бауыржан Мұратов
57 келі. Жансері Көшербаев
60 келі. Алексей Хаванцев
63.5 келі. Ахмет Үсен
67 келі. Төрехан Сабырхан
71 келі. Өнер Сейілхан
75 келі. Санжарәлі Бегалиев
80 келі. Мадияр Бексұлтанов
86 келі. Бақытжан Айтмұханов
92 келі. Расул Асанханов
+92 келі. Аслан Еділбайұлы
Жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қыздар құрамасы:
48 келі. Әнел Абдрасилова
50 келі. Елянур Турганова
52 келі. Бағжан Отынбай
54 келі. Аяжан Сыдық
57 келі. Аяжан Ермек
60 келі. Толғанай Қасымхан
63 келі. Аружан Жаңабаева
66 келі. Ұлдана Таубай
70 келі. Мария Сидоренко
75 келі. Шұғыла Нәлібай
81 келі. Аружан Зейноллаева
+81 келі. Панар Сейітханқызы
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасын Жангелді Ахметов баптайды.
Фото: olympic.kz