Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Малайзия қаласы Кучингте өткен World Junior tennis Competition 14&under Азия/Океания аймағының әлемдік біріншілігі біліктілігінің жартылай финалына өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Ширек финал кезеңінде жас қазақстандықтар Үндістан өкілдерін жеңді. Алдымен Ева Корышева қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен жеңді, содан кейін Еркежан Жанатаева қарсыласын 6:4,6:7, 6:2 есебімен басып озды. Бұл екі жеңіс қазақстандық топтың жартылай финалға шығуына мүмкіндік берді. 24 наурызда қазақстандықтар Жапония құрамасымен бақ сынасады.

Алдын ала топтық раундта қазақстандық жасөспірімдер Қытай мен Жаңа Зеландияның теннисшілерін 2:0 есебімен жеңді.

Биыл Чехияның Простеев қаласында жазда өтетін әлем чемпионатының финалдық бөлігіне тек үздік үш команда барады. Іріктеуде 1-2 орын алғандар барады, сонымен қатар финалға шықпаған командалар бір-бірімен тағы бір жолдамаға бақ сынасады.

Тағы да оқыңыз: