Kyzylorda-news.kz Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Каирде өткен Karate 1-Premier League сериясының үшінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Жаңбырбай хорватиялық Эмма Сгарделлимен кездесіп, жекпе-жектің соңғы секундтарында шешуші ұпай жинап, жеңіске жетті, - делінген хабарламада.
Тағы бір отандасымыз Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда украиналық Александра Шолоховадан жеңіліп, күміс медаль еншіледі.
Мөлдір Жаңбырбай – Каратэ-до бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы (2013, 2017, 2018), әлем чемпионы, 2022 жылғы Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының финалисі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Фото: instagram.com/kaz_karateofficial