Kyzylorda-news.kz. Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) барлық салмақтағы былғары қолғап шеберлерінің жаңартылған рейтинг нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко 15-орыннан 10-орынға жоғарылады.
Айта кетсек, өткен айда Иван Дычко аргентиналық Ариэль Бракамонтемен жекпе-жегінде қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Нәтижесінде WBA Fedecaribe аймақтық белбеуіне ие болды.
Аталған салмақта Жан Кособуцкий екі сатыға төмендеп, 14-орынға жайғасты.
Бірінші ауыр салмақ дивизионында Серик Мусәділов 15-орнын сақтап қалса, екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет сегізінші орыннан тоғызыншыға төмендеді.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек оныншы орында тұрақтаса, Евгений Павлов бір сатыға жоғарылап, бесінші орынға табан тіреді.