Kyzylorda-news.kz. Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай қазақ күресінен түйе палуандар арасында турнир өтті.

Қазақ күресінен өткен түйе палуандар арасындағы тартысты белдесуде Сыр өңірінен бөлек Түркістан, Жамбыл облыстарынан және Шымкент, Тараз қалаларынан барлығы 20 спортшы қатысты.

Белдесуде өзіндік айла-тәсілдерімен қатар білек күшін сынға салған Жамбыл облысынан келген Ерсұлтан Мұзаппаров жүлделі ІІІ орынды қанжығысына байлады. Бұл додада Түркістандық Марат Байкамуров ІІ орынға тұрақтаса, Қызылорда облысының намысын қорғаған Еламан Ерғали І орынды инеленді.

Тағы да оқыңыз: