Kyzylorda-news.kz Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Сырдария ауданындағы спорт мектептерінің маңызы зор. Бүгінде жастардың салауатты өмір салтын ұстануы бұқаралық спортты дамытудың кепілі. Дені саудың жаны сау. Күнделікті дене жаттығуын жасау, спортқа деген қызығушылықты арттыру білім беру мен қатар өз-өзіне сенімді сергек ұрпақ тәрбиелеу мемлекет алдындағы міндет.

Қызылорда қаласында қазақ күресінен 2011-2012 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігі өтіп, дүбірлеген додада бозкілем шеберлері бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша жерлестеріміз №11 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінің спортшылары 46 кг салмақ дәрежесінде Арман Өткелбаев 3 орын, ал 50 кг салмақ дәрежесінде Мадияр Дастанов 2 орынды жеңіп, аудан мерейін асырды. Байрақты бәсекеде тартысты ойын көрсеткен спортшылардың жаттықтырушылары Руслан Алтынбеков, Шохан Уалиханов. Спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отыра, алар асуы мен жеңістер көбейе берсін деген ниеттеміз.

Жалпы, турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубок, медель, диплом, ақшалай сыйлық табысталды. Ең бастысы, бозкілем шеберлері турнир аясында мол тәжірибе жинақтады.

Тағы да оқыңыз: