Kyzylorda-news.kz Түркістан төрінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы өз мәресіне жетті.

Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде Сыр елінің балуандары тамаша нәтиже көрсетіп, 12 алтын, 2 қола медаль иеленді. Бұл аймақ спортындағы тарихи көрсеткіш!

Сонымен қатар, аралас командалық жарыста балуандарымыз қарсыластарын 4:2 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қызылорда облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды!

Айта кетейік, Сыр өңірінің тарихында аты аңызға айналған білегі мықты балуандар көп шыққан, ұлттық спорттың тамыры тереңге жайылған киелі аймақ.

Жеңіске жеткен балуандарымыз – сол мықтылардың ізін лайықты жалғап келе жатқан өрендер.

Жаттықтырушы: Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Болатбек Кенеев.

Тағы да оқыңыз: