Kyzylorda-news.kz "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі екінші турда мадридтік "Реалдан" 0:5 есебімен жеңілген ойыннан кейін пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық бапкердің айтуынша, команда бар күшін салғанымен, деңгей айырмашылығы айқын болды:
"Біз әртүрлі салмақтағы командалармыз, сондықтан мұны қабылдауымыз керек. Дегенмен осындай қарсыласқа қарсы ойнау – баға жетпес тәжірибе. Жігіттер тырысты, кей тұстарда жақсы ойнады. Бір гол соғуға мүмкіндігіміз болды. Жанкүйерлерге алғыс айтамын. "Реалды" Алматыға әкелгеніміз бекер емес, – деді ол.
Уразбахтин сондай-ақ мұндай кездесулердің қазақстандық футбол үшін маңызын атап өтті:
"Неғұрлым жиі осындай деңгейдегі клубтарды елге шақырсақ, соғұрлым біздің ойыншылар мен командалар дамиды. Бүгін жанкүйерлер толық стадионда әлемдік деңгейдегі ойынды тамашалады. Бұл – бүкіл ел футболы үшін үлкен пайда", – деді.
Айта кетейік, "Қайрат" келесі ойынын 21 қазанда Алматыда кипрлік "Пафосқа" қарсы өткізеді.
Фото: fckairat.com