Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXVII дәстүрлі облыстық, қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлері арасындағы спартакиада өтті. 

Күн ұзағына жалғасқан спорттық бәсекеде командалар бар шеберліктерін салып, жеңісті қолдан бермеуге барын салып бақты. Қоғам айнасы саналған мемлекеттік қызметкерлердің басын қосқан қызу да тартысты жарыстың нәтижесінде «Қазақ күресі» спорт түрі бойынша Қармақшы ауданы командалық есеп бойынша I орынды иемденіп, жеңіс төрінен көрінді. Атап айтар болсақ, 75 келі салмақ бойынша күрескен Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрбол Мырзабаев  – І орын, 90 келі салмақ бойынша күрескен Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы Нұржан Арыстанұлы – І орын, 90+ келі жоғары салмақта күрескен Қармақшы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы Нұрсұлтан Жолмаханов  жүлделі ІІІ орынға ие болды. Аудан намысын қорғаған мемдекеттік қызметшілердің жеңісі құтты болсын! Аталған спартакиадада мемлекеттік қызметшілер басқа да спорт түрлері бойынша 10 маусымға дейін жалғаспақ.

Тағы да оқыңыз: