Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы өтті.
Айтулы спорт додасында жерлесіміз Айбек Серікбаев топ жарып, жарыс жеңімпазы атанса, тағыда бір қармақшылық спортшы Еламан Нұрғалиев ІІ орынды иеленіп, аудан мерейін үстем етті. Жеңіс тұғырына көтерілген қармақшылық балуандар мен Қазақтан барысы – 2022 турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов алдағы уақытта өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде Сыр елінің намысын қорғайтын болады.
Жерлестерімізді бүгінгі жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы «Қазақстан барысы» сайысында сәттілік тілейміз!
Ауданда ұстаз есімі ұлықталған білім бәйгесі өтті
Бүгін Қармақшы ауданына қарасты Ақжар ауылында саналы ғұмырын ұстаздық пен елдік іске арнаған ардақты ұстаз Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада өтті.
Жас білімгерлер сайысының ашылу салтанатында аудан әкімі Жандос Еркінбек ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы сөз қозғап, олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылған дәстүрлі білім додасында Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан 25 жас тарихшы өз білімдерін сарапқа салуда. Білім бәсекесінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталады.