Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, №183 орта мектебінің спорт залында Жандос Бахытжанұлы Досымхановты еске алуға арналған шағын-футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир болып өтті.

Турнирдің мақсаты - ауданда шағын-футбол ойынын облыс көлемінде дамытып, Республикаға облыс құрама командасын іріктеу және Жандос Бақытжанұлын еске алу болып табылды. Аудандық ашық турнирге Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, Қазалы ауданы және Қармақшы ауданынан 9 команда 80-ге жуық жасөспірім қатысты.

Аудандық ашық турнирде үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшыларды арнайы медаль, кубок және алғыс хаттармен марапаттады. 
Үздік қақпашы номинациясымен Қызылорда қаласынынан келген Нұрсұлтан Ерахмет иеленсе, Үздік қорғаушы номинациясы қармақшылық №250 мектеп-лицейінің оқушысы Дінмұхаммед Әлқуатов иеленді. Үздік шабуылшы атауын Куаныш (Жандос) Тасбергенов алса,
Үздік ойыншы номинациясын Қазалы ауданынан ат терлетіп келген Нұраділ Ағаділ иеленді. Ал Үздік сұрмерген номинациясы №26 мектептің оқушысы Ыбырайым Жанаділовке бұйырды. Сонымен қатар І орынды 15 ОРМБЖМ алса, ІІ орыннан №26 мектеп көрінді, ал ІІІ орынды №183 мектеп місе тұтты.

Қазақ күресінен «Алтын белбеу» жарысы өтті

Ағымдағы жылдың 14-15 сәуір күндері аралығында Жосалы кенті Спорт кешенінде қазақ күресінен ХІV аудандық «Алтын белбеу» жарысы өтті.
Жарыстың мақсаты - облыста ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, Республикалық «Қазақстан Барысы» турниріне облыс спортшыларын іріктеу болып табылды.
Қармақшы аудандық жарысқа 8 команда 90-ға жуық палуан қатысты.

336783265_1027615828211994_4143095994556252730_n.jpg

Самбодан Қармақшы аудандық ашық біріншілік өтті

Ағымдағы жылдың 14-15 сәуір күндері аралығында Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Самбо күресінен 2011-2012 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік болып өтті.

336913610_926976175173275_8503845746347698667_n.jpg
 

Тағы да оқыңыз: