Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен Көшеней Рүстембекұлы атындағы аудандық жыраулар үйінде спорт саласы бойынша алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, кент, ауылдық округ әкімдері және спорт саласының ардагерлері мен қызметкерлері, жас спортшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында аудандық дене шынықтыру мен спорт саласына жауапты сала басшыларының өткен жылы атқарған жұмыстары мен биылғы жылғы атқарылатын міндеттер туралы хабарламалары тыңдалды.

Одан соң, спорт саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, сала мамандарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы мәжілісте қаралған мәселелер бойынша пайымды пікірін ортаға салды. Сондай-ақ, сала ардагерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары жиынды қорытындылай келе ауданда бұқаралық спортты дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, спорт ғимараттарын күтіп ұстау және материалдық-техникалық базасын жақсарту, әрбір спортшы үшін жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі атқару жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Алқа отырысы соңында ауданымызда спорт саласының дамуына айрықша үлес қосқан сала ардагерлері мен спорт саңлақтарын арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
 

Тағы да оқыңыз: