Kyzylorda-news.kz Былтыр қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары аясында Мәдениет және спорт министрлігі қайта құру жолымен Туризм және спорт министрлігі өз жұмысын бастаған-ды. Биыл ақпанда Қармақшы аудандық мәслихат отырысында мәдениет және спорт басқармасын қайта құру жолымен дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі құрылды.
Қармақшы ауданы бойынша өткен жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны – 20 495 адам, аудан халқының 39,3% құрады. Жалпы аудан тұрғындары 12 олимпиадалық (ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, жеңіл атлетика, дзюдо, каратэ-до, қол добы, таэквандо, үстел теннисі, футбол, көгалдағы хоккей), 4 ұлттық спорт түрлері (бес асық пен асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ), 7 олимпиадалық емес спорт түрлерімен (белбеу күресі, гір спорты, дойбы, кикбоксинг, қол күресі, самбо күресі, шахмат) шұғылданады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы 283 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 20 145 спортшы қатысқан. Ауқымды шараларға Наурыз мейрамы қарсаңында, «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы «Көңілді старт» жарысы, ұлттық спорт түрлеріне, ойын түрлерінен және жекпе жек спорт түрлерінен іс-шаралар өткізілді.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының спортына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісінің иегері» Қ.Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділбек Серікбаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында самбодан Республикалық турнир, Спорт жанашыры Т.Айтжановты еске алуға арналған ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Республикалық турнир, «Достық жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүлдесіне арналған дзюдодан республикалық турнир және бокстан жасөспірімдер арасындағы Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған ашық республикалық турнир өткізілді.
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына орай интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Досанов, және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларының дәстүрлі аудандық спартакиадасы болып өтті.
Қармақшы ауданының 95 жылдығына аясында Қазақстан Республикасы «Спорт күні» кәсіби мерекесін кең көлемде атап өту мақсатында аудандық ауыл спортшыларының спартакиадасы өткізілді. Спартакиадаға барлық елді-мекендерден командалар қатысып, спорттың 6-түрін қамтыды (футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық, бес асық және баскетбол). Қазан айында Қармақшы ауданының 95 жылдығына аясында аудан орталығында жеңіл атлетикалық марафон ұйымдастырылса, Дүр Оңғар аулында көкпардан жарыстар өткізілді.
Былтыр Әлеуметтік тапсырыс негізінде аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту бағытында 12 195,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, «Орда әскери патриоттық клубы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып танылды. Бұл бағытта аудан бойынша 27 штат бірлігімен спорт нұсқаушылары барлық елді-мекендерде жұмыс жасады. Спорт нұсқаушылар өз аймақтары бойынша жұмыстарын жалпы білім беретін мектептердің спорт залдары мен алаңдарын пайдаланып 4860 адамды спорттық іс-шараларға тартты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2021 жылғы Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын ашу туралы бұйрығына сәйкес үстіміздегі жылы аудан орталығында «Жалын» спорт клубы, «ТАНК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Ақтөбе және Дүр Оңғар а/о), мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыс жасады. Оларда 5-16 жас аралығындағы 289 - жеткіншектер мен жасөспірімдер спорттың бокс, дзюдо, қазақ күресі, үстел теннисі және шахматүйірмелерімен қамтыды.
– Қармақшы ауданы спортшылары байрақты бәсекелерде топ жарып жүр. Аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 18-алтын,15-күміс, 18-қола медальды жеңсе. Әлем біріншілігінде 4-алтын (Ерасыл Сәулебеков, Азамат Мұхамедияров), 4-қола (Т.Дінмұхаммед, Әсемай Рүстемова, Әміртай Саят, Е.Кенжебек), Азия чемпионатында 1-алтын (Әсемай Рүстемова), 1-күміс (Дінмұхаммед Алтай), 3-қола медальді жеңіп алды (Әміртай Саят, Әділет Қалжанов, Ұлтай Сейлова). І разряд нормативін 11 спортшы, Қазақстан Республикасынына спорт шеберлігіне үміткер – 132, «Қазақстан Республикасынына спорт шебері» атағын 4 спортшы (Р.Келманов, Әсемай Рүстемова, А.Алимов, Н.Пернебай), «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын 2-спортшы (Еламан Ерғалиев, Ерасыл Сәулебеков) иеленді және 9-спортшымыз спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына енді, – деді аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Төлендіұлы.
2023 жылдың наурыз айында өткен Рига қаласында (Латвия) өткен дзюдодан Европа Кубогында жерлесіміз Еламан Ерғалиев 100 кг жоғары салмақ дәрежесінде ІІ орынды иеленсе, 25 наурыз – 2 сәуір аралығында Албания мемлекетінің Дуррес қаласында өткен ауыр атлетикадан 17-жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебеков екінші мәрте Әлем чемпионы атанды. Ал мамыр айында Қырғызстан елінің Бішкек қаласында жасөспірімдер арасында гір спортынан Азия чемпионатында Әділет Қалжанов 68 кг салмақ бойынша ІІІ орын иеленсе, әуесқой ересектер арасында 63 кг салмақ дәрежесінде Әміртай Саят ІІІ орын иеленіп, азия чемионатының жүлдегері атанды.
Астана қаласында 6-11 маусым аралығында өткен Спорттық және жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатында Әсемай Рүстемова 65 кг салмақ дәрежесінде жастар арасындағы чемпионы атанса, Ұлтай Сейлова жасөспірімдер арасында 80 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанса, №15 спорт мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Алтай Босния мемлекетінде 28-31 тамыз аралығында таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, Ливан мемлекетінің астанасы Бейрут қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
– Өткен жылдың 25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Алматы қаласында армрестлингтен Әлемнің чемпионатында жерлесіміз Азамат Мұхамедияров пара армрестлингтен 65 кг салмақта жеңімпаз атанса, 4-6 қазан аралығында Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында өткен самбо күресінен жастар арасында Әлем чемпионатында 65 кг салмақ дәрежесінде Рүстемова Әсемай қола жүлдегер атанды және Өзбекстан Республикасы, Хиуа қаласында өткен гір спортынан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Еркебұлан Кенжебек және Саят Әміртай қола жүлдегерлер атанды, – Нұрбол Төлендіұлы.
Қармақшы ауданы бойынша 142 спорттық нысандар бар. Атап айтар болсақ, 1-стадион, 3-спорт кешені (соңғысы 2023 жылдың маусым айында пайдалануға берілді), 6-ату тирі, 82-жазықтық құрылғылар (оның ішінде 23-жасанды алаңдар), 3-теннистік корттар, 30-спорт зал,18-жапсарлас спорттық залдар болып табылады. Былтыр жалпы құны 560 013,0 мың теңге құрайтын Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.
Қазіргі таңда нысанды аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Спорт клуб» КММ-нің теңгеріміне беріліп 17,5 штат бірлігімен жұмыс жасауда. Кешенде спорттың баскетбол, футбол, гандбол, волейбол және президенттік көпсайыс спорт түрлерінен үйірмелері ашылса, №15 Қармақшы аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ауыр атлетика бөлімі жұмыс жасауда. Сонымен қатар денешынықтыру- сауықтыру кешенін (Мүсіркегенов №7 мекен-жайындағы) табиғи газға ауыстыру үшін 56 000,0 мың теңге қаржы бөлінді және қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяталды. Бұған қоса өткен жылы кешенге 7099,0 мың теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жобалық құны 601 470,0 мың теңге құрайтын Ақай ауылдық округінде «Денешынықтыру-сауықтыру кешені» және ІІІ Интернационал ауылында құны 409 241,0 мың теңге, Дүр Оңғар ауылында құны 401 657,0 мың теңгеге «Спорт кешендерінің» құрылыстары жүргізілуде.
Жалпы аудан көлемінде балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерінде және спорт клубта барлығы 2640 жастар мен жасөспірімдер қамтылып отыр. №15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде 1292 оқушы спорттың 14 түрімен шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 36 адам.Спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы және Төретам кенттерінде, Қармақшы және Дүр оңғар ауылдық округінде, Байқоңыр қаласында жұмыс жасайды. Спорт түрлерііне келсек, ауыр атлетика, баскетбол, бокс, гандбол, дзюдо, жеңіл атлетика, каратэ-до, таеквандо, футбол,үстел теннисі, кикбоксинг, самбо күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ.
№16 Қармақшы ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 814 оқушы спорттың 10 түрімен шұғылданады. Жаттықтырушы саны – 22 адам. Спорт мектебінің бөлімшелері Жосалы және Төретам кенттерінде және Ақай, Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Ақжар, Қуаңдария, Т.Көмекбаев, Дауылкөл, Алдашбай ахун ауылдық округтерінде жұмыс жасайды. Онда бокс, гандбол, дзюдо, футбол,белбеу күресі, гір спорты, қол күрес, самбо күресі, қазақ күресі, асық секілд спорт түрлері бар.
Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазіргі таңда 534 оқушы спорттың 14 түрінен шұғылдануда. Онда спортшылар дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, белбеу күресі, асық, шахмат, волейбол, таеквандо, футбол, қол добы, баскетбол, Президенттік көпсайыс және көгалдағы хоккей секілді спорт түрлерімен шұғылдануда.
2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарының аудандар бөлінісінде «1000 адамға шаққандағы спорттық нысандарға қол жетімділігі» нысаналы индикатордың 2023 жылға жоспары 116,5 пайыз болды. Бұл жерде көрсеткіштің жоғары болуына ауданымыздың көрсеткішіне Байқоңыр қаласының көрсеткіштері қоса берілген.
Бүгінгі таңда Қармақшы ауданда бұл нысаналы индикатор спорт залдар бойынша 30,3 пайызға орындалса, Байқоңыр қаласында спорт залдар бойынша 25,1 пайызға және бассейіндер бойынша 61,1 пайызға тұрғындардың қол жетімділігі орындалып отыр. Жалпы алғанда тұрғындардың спорттық нысандарға қол жетімділігі 116,5 пайызға орындалып, 2023 жылға жоспарланған нысаналы индикаторды орындап отырмыз. Биылға жылға жоспар 118 пайызға орындау жоспарланып отыр.
Ауыл спортшыларының Алтын күз облыстық спартакиадасы 36-жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Спартакиада тарихына көз жүгіртетін болсақ, алғашқы жылдары ауыл шаруашылық саласының қызметкерлері арасында өткізілсе, жылдар өте келе бәсекеге спортшылар араласа бастады. Соңғы он жылдықта шеберлігі шыңдалған, ел біріншіліктерінде, халықаралық сайыстарда олжа салған спортшылар арасындағы нағыз бәсекеге айналды.
2006, 2007 және 2008 жылдары ауданымыз жүйелі түрде жыл сайын спартакиадаларда жүлделі орындардан көрініп келсе, 2010 жылдан бастап нәтижелеріміз төмендеген.
– Мұнда бірнеше себеп бар. Спартакиада бағдарламасына сәйкес спорттың ойын түрлерінен ауданымыздың намысын Байқоңыр қаласының спортшылары қорғап келген болатын, оларға тиым салынды және спартакиада бағдарламасына ұлттық ат спорты түрлері енгізіле бастады (көкпар, теңге алу, аударыспақ).Командалық ойын түрлерінен Байқоңыр қаласына арқа сүйеп келген біздің нәтижеміз жоғарыдағы қойылған талаптарға сай келмей төмендей берді. Бұл бірнеше жылға созылды. 2017 жылы аудан әкіміне ұсыныс жасалып, командалық ойын спорт түрлеріне 3-штат бірлігі негізінде мамандардың жұмыс жасау үшін қаржылай қолдау білдірді. Бұлар №16 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне беріліп қосымша баскетбол, волейбол және қол добы бөлімшелері жұмысын бастаса, бұған қоса 2018 жылы Төретам кентінен жаңадан салынған Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде (басқармаға ұсыныспен шығып) волейбол және баскетбол бөлімшелері жұмысын бастады (кейін волейбол үйірмесі жабылып қалды).Спартакиада спорттың 16 түрін қамтиды және бағдарламасына сәйкес 5-күнге созылады. Алғашқы 2-ші және 3-ші күндері спорттың жекпе-жек және жекелей түрлері болғандықтан(қазақ күресі, қол күрес, гір спорты, президенттік көпсайыс, үстел теннисі) жоғары орындарда тұрғанымызбен, 4-ші және 5-ші күндері командалық ойын(баскетбол (ер, әйел), футбол, волейбол (ер, әйел), гандбол,) түрлерінің финалдық кезеңдерінде нәтижелеріміз төмен түсіп, соңғы орындарда тұрақтаймыз. Спорттық жарыстың бағдарламасына сәйкес кейбір спорт түрлерінен нәтиженің төмен болуының бірнеше себебі бар. Ең бірінші – мамандардың жетіспеушілігі анық сезіледі. Спорттың командалық ойын түрлеріне машықтанған, тереңірек меңгер мамандар ауданымызда жоқтың қасы. Өткен жылдың соңына дейін жұмыс жасап келген спорт мектептері мен Спорт клубта барлығы 65 жаттықтырушы бар болса, соның ішінде футболдан 1-ғана жаттықтырушы, волейболдан 2-жаттықтырушы, баскетболдан 2-жаттықтырушы, гандболдан 3-жаттықтырушы жұмыс жасайды. Мысалыға көрші Қазалы ауданында бірғана футболдан 10-нан аса жаттықтырушы жұмыс жасайды, Жаңақорған ауданында волейболдан 18 жаттықтырушы, Жалағашта волейболдан 12 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Санамалап кете берсек осындай мысалдар жеткілікті, – деді аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Төлендіұлы.
Бұл олқылықтың орынын толтыру мақсатында өткен жылы аудан орталығында жаңадан ашылған спорт кешенін тек ойын түрлерінен оқу-жаттығу процесіне және жарыстар өткізуге бағыттап отырмыз (қазіргі таңда спорт клуб, 16 спорт мектебі және №15 спорт мектебі спорттық бөлімшелері шұғылдануда). Бұған қоса қазіргі таңда құрылысы жүріп Ақай ауылдық округінде «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені», ІІІ-Интернационал ауылында және Дүр Оңғар ауылында «Спорт кешендерінде» спорттың командалық ойын түрлерінен бөлімшелерді ашуды ұсынамын, себебі жоғарыдағы олқылықтардың орынын толтыру және спорттық нәтижені көтеру үшін (аталған нысандарды спорт мектептерінің теңгеріміне беру көзделіп отыр).
Бүгінде Қармақшы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Спорт клубында» 16-жаттықтырушы(12,5 штат бірлігі)жұмыс жасайды, қазіргі таңда 534 оқушы (өткен жылы 315 болған) спорттың 14 түрінен шұғылдануда. Аудан әкімшілігінің қолдауымен жоғарыда айтып өттіп футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, президенттік көпсайыс және үстіміздегі жылы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы спорттық үйірме жұмыстарын бастады.
Қазірде ауданда соңғы екі жылдың көлемінде заман талабына сай келетін спорттық кешендер бой көтеруде және пайдаланып отырған спорттық нысандарға жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы уақыттарда спортшылардың биік белестерді бағындыратынына сенімім мол.