Kyzylorda-news.kz Бүгін Халықаралық мүгедектер күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Қайсар жандар қасымызда» атты кездесу өтті.

Оған Пара пауэрлифтингтен ҚР-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан және Әлем Чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпаздары  Төлжан Фариза Қалбайқызы және Бойко Снежанна, Пара жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, әлемдік Гран-при сериясының жүлдегерлері Еламан Жоламан Маратбекұлы және Мақшат Мейіржан Қалданұлы қатысты.

«Қайсар жандар қасымызда» 1.jpg

Кеш қонақтары спорт саласындағы жетістіктері, қол жеткен табыстары мен қызықты сәттері туралы айтып, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

     Іс-шараның өткізуге Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Мүгедектерге арналған спорт клубы» КММ-нің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушылары  Юрий Мощеевке және Бахытбек Рысбаевқа атсалысқан.

Тағы да оқыңыз: