Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев «Қайсар» клубының басшылығы мен спортшыларына «Ауыл» партиясының партия билеттерін салтанатты түрде табыстады.
Шара барысында «Қайсар» волейбол және гандбол клубтарының ұжымы толықтай «Ауыл» партиясының қатарына қосылды.
«Спорт – бұл тазалық, төзімділік және бірлік. «Қайсар» клубының жетістіктері – сіздердің осы қасиеттеріңіздің дәлелі. Бүгін сіздер тек партия мүшесі ғана емес, ауыл спортының шынайы патриоттары ретінде біздің қатарымызға қосылып отырсыздар. Біз сіздерге әрдайым қолдау көрсетеміз!» – деді С.Егізбаев.

