Kyzylorda-news.kz. Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында «Астана» «Қайсардан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған турды Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен елордалық «Астана» қорытындылады.
Кездесу барысында елордалық командадан Жарко Томашевич 53-минутта гол соқты. Оған 78-минутта алаң иелері сапынан Жоао Оливейра бір голмен жауап қайырды.
Кездесудің 82-минутында елордалық командадан Абат Айымбетов жеңіс голын соқты.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.