Kyzylorda-news.kz “Қайсар” Фк, “Ауыл” партиясы және “Мейірім құшағы” комиссияның бірлесіп ұйымдастыруымен футболдан 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир мәресіне жетті.

100 ден аса балғын футболшылар бақ сынаған доп додасында “Қайсар 2012” командасы барлық қарсыластарын айқын жеңіп, турнирдың жеңімпазы атанса, “Қайсар 2013” бәсекенің күміс жүлдгері болды. Ал “Наман Ата” командасы үзщік үштікті түйіндеді.

Турнир барысында алаңда лайықты ойын көрсеткен шебер футболшыларға номинациялар табысталды. Атап айтқанда, Үздік қақпашы: Жаннат Бексұлтан(Қайсар 2013)

Үздік қорғаушы: Ерболат Әлинұр (Наман 2)

Үздік жартылай қорғаушы: Есенгелді Айқожа (Достар)

Үздік шабуылшы: Жұмахан Қуандық (Арманс)

Үздік ойыншы: Шәмшат Әділжан (Қайсар 2012).

Жарыс барысында балғын футболшыларға мерекеге орай тәттілер үйлестірілді.

Тағы да оқыңыз: