Головкин – Шеремета жекпе-жегі қашан өтеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Головкин – Шеремета жекпе-жегі қашан өтеді

27.06.2020, 16:00

888 0

Kyzylorda-news.kz. IBF титулына үміткер поляк боксшысы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевски қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек қашан өтетінін айтты.

«Мен Геннадий Головкиннің командасымен байланыстамын. Біз қазанның екінші немесе үшінші сенбісінде немесе қарашаның бірінші сенбісінде жекпе-жек өтеді деп жоспарлап отырмыз. Бірақ бізде ешқандай сенімділіктің болмауы қорқынышты. Себебі бәрі өзгеріп кетуі мүмкін», – деді Василевски.

Бұған дейін промоутер Эдди Херн Головкин – Шеремета жекпе-жегінің тамыз айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.



«Хабар 24»

0

Пікір қалдыру