Kyzylorda-news.kz. IBF титулына үміткер поляк боксшысы Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевски қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек қашан өтетінін айтты.
«Мен Геннадий Головкиннің командасымен байланыстамын. Біз қазанның екінші немесе үшінші сенбісінде немесе қарашаның бірінші сенбісінде жекпе-жек өтеді деп жоспарлап отырмыз. Бірақ бізде ешқандай сенімділіктің болмауы қорқынышты. Себебі бәрі өзгеріп кетуі мүмкін», – деді Василевски.
Бұған дейін промоутер Эдди Херн Головкин – Шеремета жекпе-жегінің тамыз айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеген.