Kyzylorda-news.kz Әли Әлиев жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасының ақпан айындағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды. Бұл қатарға “Қайсар” футбол клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов та енді.

Енді Айбар Болатұлы құрамамен бірге 10-17 ақпан аралығында өтетін жаттығу жиындарына қатысатын болады. Жиында 2 жолдастық кездесу өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, Айбар Жақсылықов күні кеше “Қайсармен” келісім-шарт мерзімін ұзартты.

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: