Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Kyzylorda-news.kz. Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Словения құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Kazinform.

Құрамалар H тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары — Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия, Сан-Марино.

Словения — Қазақстан кездесуі 20 қарашадан 21-не қараған түні Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан сағат 1:45–те көрсетіледі.

Ел құрамасы H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр.

Бұл топта Дания 22 ұпай жинап, құрлықтық доданың финалдық сатысына бір тур бұрын жолдама алды.

Ал Словения құрамасының еншісіне 19 ұпай жазылған.

Енді екінші жолдама тағдыры Словения мен Қазақстан кездесуінде шешіледі.

Аталған кездесуге ел құрамасынан жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бахтиёр Зайнутдинов қатыса алмайды.

Сондай-ақ, бұл ойынға UEFA президенті Александер Чеферин келеді деп күтіліп отыр. 

Қазақстандық футболшылар жеңіске жеткен жағдайда өз тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионаты финал сатысына жолдама алады.

Біздің футболшылар 23 наурызда елордада өткен ойында аталған қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. 

Тағы да оқыңыз: