Олимпиада чемпионы болдым, енді осыдан кейін ешнәрсе жазбайтын шығар деп ойлап едім
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзін сынағандарға жауап берді. Оның анасымен бірге жүргені жұртқа жақпай қалған еді, деп хабарлайды KYN.KZ агенттігі.
Бұл туралы спортшы Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметіне берген сұхбатында айтты.
«Әлеуметтік желіні қарамайын десем де, қарап қоямын. Қазір Олимпиада чемпионы болдым, енді осыдан кейін ешнәрсе жазбайтын шығар деп ойлап едім. Бірақ тоқтайтын емес, әлі де жазып жатыр. Менің жүріс-тұрысым, келіншегім алда келе жатыр ма, артта келе жатыр ма, жанында анасы келе жатыр ма, әлде басқасы. Енді мен қалай шығайын, не қалай шықпайын, ол менің қуанышым!» – дейді ол.
Айта кетсек, көпшілікке Елдос Сметов елге келгеннен бері оның жанынан әйелі емес, анасының қолтықтап жүргені жақпай қалған болатын.
Сурет: orda.kz