Kyzylorda-news.kz Жақында Алматы қаласында оқ атудан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілген болатын. Жарыс нәтижесі бойынша жерлесіміз, Сырдария аудан құрама командасының мүшесі Аякөз Аймен ІІІ орынды жеңіп алды. Өз кезегінде мергендер арасында жеңімпаз атанған жерлесіміз қырағылық танытты.
– Менің отбасым – өмірдегі қорғаным. Білген адамға шалт қимылдың салдары сан жылдар бойы көріп келе жатқан қиындықтың өтеуі. Басқа іс түскенде өмір адамды ерте есейтеді. Көңіл жасымас үшін мықты болуға мүдделі болуға тырысасың. Жабырқаулы мезетте жанымнан табылған жақын-жуықтың тауы шағылмағаны жақсы. Сондықтан жақсы білім алып, өмірден өз орнымды таптым. Алғаш ауылдағы балабақшаға жұмысқа орналасқан күннен бері ұстаз ретіндегі міндетімді толықтай сезініп келемін. Кейіннен психолог мамандығын меңгеріп, оқушымен тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік алдым. Мектеп қабырғасында жүргеннен мылтықпен тир атуға қызыққан едім. Әркез осы спорт түрімен машықтануға әуестендім. Әрине, әйел затына мылтық асынып, ерлермен бірге жауынгерлік спортты үйрену қиындық соқтырады. Алдағы уақытта жаттығуды күшейтіп, айтулы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуге ұмтыламын, – дейді спортшы.
Жақттырушысы Жұмабек Дәрмен аудан құрамасының мүшесіне жан-жақты бағыт-бюағдар беруде.