Kyzylorda-news.kz  Жақында Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылында дзюдодан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Абай-Дәулет» жүлдесіне арналған республикалық турнир жалауын көтерген болатын. Республикалық турнирдің ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айекешов, аудан әкімі Б.Сәрменбаев, облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті И.Ысқақұлы және «Абай-Дәулет» ЖШС директоры М.Сәрсенбаев және Сыр өңірінің қонақтары қатысты.

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Б.Сәрменбаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

– Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі.  Қоғамның басты көрсеткіші – адамның денсаулығы болса, оны нығайтуда спорттың алар орны ерекше. Спорт қай заманда болсын адамзатты бейбітшілік пен бірлікке үндеп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спорт саласын жетілдіруге ерекше басымдық беріп келеді. Соның нәтижесінде, аймағымызда бұқаралық спортты дамыту мен жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға көп көңіл бөлінуде. Облыста аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен жаңадан спорттық нысандар бой көтеруде. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес Орталық стадион және жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Сонымен қатар, демеушілік есебінен Қызылордада үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданда да жалғасын табуда. Биыл Бесарық ауылында жаңа спорттық кешен ел игілігіне берілетін болады. Спорттың бұқаралық сипатының дамуына ел азаматтары өз үлесін қосуда. Олардың қатарында «Абай-Дәулет» серіктестігі жыл сайын жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл – жастарға деген зор қолдау. Сондықтан спорттық іс-шараны ұйымдастырып жатқан Мұрат Абайұлына шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы.

Республикалық турнирге көршілес Өзбекстан мемлекетінен және еліміздің 12 облысы мен 3 қаласынан 650-ге жуық спортшы қатысып, татами төрінде бақ сынады. Спорттық іс-шарада облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айекешов, облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті И.Ысқақұлы және «Абай-Дәулет» ЖШС директоры М.Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйледі.

Палуандар бәсекесінде әр салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жарыс нәтижесі бойынша:

Ұлдар арасында 38 кг салмақ дәрежесінде бойынша: І орын Дарын Әділхан (Астана қаласы), ІІ орын Әділет Керейтбай (Қызылорда спорт интернат), ІІІ орын Ақәділ Батыржанұлы (Жалағаш ауданы), ІІІ орын Орал Тұңғышбай (Жамбыл облысы);

42 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын А.Нұрмаханбетов (Алматы облысы), ІІ орын Мейіржан Неғматуллаев (Өзбекстан мемлекетті), ІІІ орын Саят Еркінұлы (Қызылорда спорт интернат), ІІІ орын Абдусайднұрисламхан Сатмахан (Жамбыл облысы);

46 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Нұрперзент Әбдіқадыр (Қызылорда облысы), ІІ орын Нұрқанат Мұжабаев (Ақтөбе облысы), ІІІ орын Бекшиов Бекнұр (Шымкент қаласы), ІІІ орын Саматұлы Ислам (Қызылорда облысы);

50 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Бағдаулет Жаңабай (Астана қаласы), ІІ орын Ислам Ролланұлы (Атырау қаласы), ІІІ орын Нұролла Калимжан (Атырау қаласы), ІІІ орын Жалғас Әбуіғалиев (Жезқазған) иеленді,

Ал, қыздар арасында 36 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Арайлым Фархат (Бесарық ауылы), ІІ орын Гүлсезім Қуаныш (Тасбөгет), ІІІ орын Кәусар Асылханқызы (Мәдениет ауылы), ІІІ орын Ұлбосын Сәрсенбай (Бесарық ауылы);

40 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Айзере Ерболат (Бесарық ауылы), ІІ орын Дильназ Асылбек (Жалағаш ауданы), ІІІ орын Ақбота Жақсылықова (Қармақшы ауданы), ІІІ орын Айзере Ибрагим (Тасбөгет);

44 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Айдана Қаржауова (Өзбекстан мемлекетті), ІІ орын Дильяра Тынышбаева Қызылорда қаласы), ІІІ орын Инжу Сахабадин (Қызылорда қаласы), ІІІ орын Имина Хорченко (Қармақшы ауданы);

48 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Инабат Нұрадинқызы (Сырдария ауданы), ІІ орын Арайлым Ержанқызы (Қызылорда спорт интернат), ІІІ орын Малика Сабыралы (Қызылорда қаласы), ІІІ орын Г.Абдуаллива (Қызылорда қаласы);

52 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Нұршат Жұмағалиқызы (Қызылорда қаласы), ІІ орын Сезім Мұратбек (Тараз қаласы), ІІІ орын Маншүк Омарова (Қызылорда N2), ІІІ орын Ақсезім Сапарқұл (Қызылорда N4);

57 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Жания Пернебек (Жамбыл облысы), ІІ орын Аселхан Ырсымбет (Қызылорда қаласы), ІІІ орын 🥉 Измайлова Анина (Қызылорда N6), ІІІ орын Алия Мақсұт (Қызылорда спорт интернат);

63 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Арайлым Айдархан (Қызылорда N6), ІІ орын Ардаққызы Дильназ (Сырдария ауданы), ІІІ орын Айсамал Жағыппар (Қызылорда N2), ІІІ орын Айдана Рахимова (Абай облысы);

+63 кг салмақ дәрежесі бойынша: І орын Нұрдина Марлен (Жамбыл облысы), ІІ орын Сарсенбек Балым (Меркі ауданы), ІІІ орын Ақниет Түлеген (Алматы облысы), ІІІ орын Асем Сырым (Жамбыл облысы) жеңіп алды. Жеңіс тұғырынан көрінген әрбір спортшыға арнайы диплом, медаль, кубок табысталды. Қорытынды есепте үздіктер қатарынан көрінген өңірлер де марапатталды.

Тағы да оқыңыз: