Kyzylorda-news.kz  1-маусым балалардың құқығын қорғау мерекесіне орай “Ауыл” партиясы Қызылорда облыстық филиалы, “Мейірім құшағы” комиссиясы, Дзюдодан Қызылорда облыстық федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен дзюдодан 2012-2013 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында командалық жарыс мәреге таяп, жеңімпаздар анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Ж.Баһадүр атындағы спорт мектеп интернатының ОРОММИК командасы қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанса, Жалағаш ауданынан келген  13 ОРМБЖМ мектебінің спортшылары күміс жүлдеге ие болды. Ал қола жүлде  жаңақорғандық 7 ОРМБЖМ мектебіне бұйырды.

Айта кетейік, жарысқа 7 аудан мен облыс орталығынан 16 команда, 100 ден аса спортшылар қатысты.

Тағы да оқыңыз: