Kyzylorda-news.kz   Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Дильназ Ашықбай грепплинг спортынан өткен Әлем чемпионатында 1-орынға ие болды.

Чемпионат 16–17 қыркүйек күндері Ақтау қаласында өтті. Дүбірлі додаға 25 мемлекеттен 700-ден астам спортшы қатысқан болатын. Қайсар мінезі мен төзімділігінің арқасында Дильназ қарсыластарына дес бермей, 1-орынды иеленді.

Бұл жеңіс – студенттің тынымсыз еңбегінің жемісі әрі университеттің спорттағы жетістіктерінің айқын дәлелі.

Тағы да оқыңыз: