Kyzylorda-news.kz. Қазақстан кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында өткен кәсіпқой бокс кешінің негізгі жекпе-жегі қазақстандық Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао арасында болды.

12 раундтық кездесудің екінші раундында Аргентина боксшысы қазақстандық қарсыласынан нокдаун алды. Рингтегі төреші үшінші раундта да «нокдаун» ашты. Қалған раундтар да Даниярдың толық басымдығымен өтті.

Төрешілер шешімімен Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына лайық деп танылды.

Тағы да оқыңыз: