Kyzylorda-news.kz.  Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Карина Ибрагимова бүгін финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта италиялық Ирма Тестамен қолғап түйістіреді.

Қос спортшы Астана уақытымен сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда үшінші жекпе-жекте рингке шығады.

Әлем чемпионаты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Осыған дейін Азия чемпионы атанып, екі мәрте әлем біріншілігінің қола жүлдегері болған К.Ибрагимова енді кемінде күміс медаль алады.

Ирма Теста да осал қарсылас емес. Ол – 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 2019 жылғы Еуропа чемпионы.

Тағы бір қазақстандық Ләззат Күнгейбаева аса ауыр салмақта ертең алтын үшін таласады. Ал Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай қола жүлдегер атанды.

Тағы да оқыңыз: