Kyzylorda-news.kz.  Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 7 мамырда ел құрамасынан төрт боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дипак Кумармен (А рингіндегі бірінші жекпе-жек), Серік Теміржанов (57 келі) венгриялық Роланд Верешпен (А рингіндегі бесінші жекпе-жек) кездеседі.

Ал, Нұрқанат Райыстың (75 келі) қарсыласы - доминикандық Дельгадо де лос Сантос. Олар Б рингінде он екінші жекпе-жекте шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда, Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) сириялық Мохаммед Млайеспен Б рингінде оныншы жекпе-жекте шаршы алаңға шығады

Тағы да оқыңыз: