Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шықпай қалды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шықпай қалды

11.03.2020, 9:20

131 0

Kyzylorda-news.kz. Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалдық бәсекесіне Қамшыбек Қоңқабаев қатысқан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол ширек финалда алған жарақатына байланысты кездесуге шығудан бас тартты. Осылайша Қоңқабаев кезекті жарысқа шықпаса да, Олимпиадаға іріктеу турнирінің қола жүлдегері болды. Ол ширек финалда қытайлық Маймаийти Аемайитиді айқын басымдылықпен ұтып, жартылай финал мен Олимпиада жолдамасын қанжығасына байлаған болатын.

Осылайша, Ғалымбек Кенжебаев баптайтын боксшылар Олимпиада ойындарына 7 жолдама жеңіп алса, бүгін төрт боксшы финалға шықты. Үш боксшымыз қола медальді қанағат тұтты.

Қола медальдарды ерлер арасынан Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Серік Теміржанов (57) және +91 келі салмақта қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алса, әйелдер боксынан 75 келі салмақта Надежда Рябец ұтып алды.

Ал ертең, яғни олимпиадалық іріктеу турнирінің соңғы күні төрт қазақстандық боксшы алтын медальға таласады. Олар – Зәкір Сафиуллин (63 келі), Василий Левит (91 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және 81 келі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов.

0

Пікір қалдыру