Kyzylorda-news.kz Қызылордалық боксшы Нұрсұлтан Алтынбек Бразилияда World Boxing аясында өткен әлем кубогында чемпион атанды. Дүбірлі доданы іріктеу кезеңінен бастаған ол ақтық сында алқалы елдің абыройын асырды.

Осыған орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жерлесімізге қолдау көрсетіп, өз тілектестігін білдірді.

«Біздің батыр спортшымыз Нұрсұлтан Алтынбек Бразилия мемлекетінде бокстан өткен World Boxing Әлем кубогында 55 кг салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, аймақ қоржынына алтыннан олжа салып, ел абыройын асқақтатты.

Жерлесіміз Нұрсұлтан Алтынбектің тар­тысты бәсекедегі қарсыластары әлемдік додалардың бірнеше дүркін жеңімпазы болса да, мықтылардың арасында өз шеберлігімен ең үздігі атанды", – деді.

Фото: Сыр спорты

Тағы да оқыңыз: