Kyzylorda-news.kz Қарағандыда өткен ересек ұлдар және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Сыр өңірінің атынан барған былғары қолғап шеберлері жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, 80 кг салмақ дәрежесінде Бектас Азамат І орын алып, алтын жүлдені қанжығаға байлады.
Ал, 48 кг салмақ дәрежесінде Ақбота Болат ІІ орынға ие болып, күміс медаль алды.
54 кг салмақта Ақтілек Орынбасар Ақтілек жүлделі ІІІ орын алып, қола медальға ие болды.
Жаттықтырушылар: Ғалымжан Байгундиев, Жүсіп Жәміл , Құлыбаев Бақытбек, Төкенов Сейтжан.