Фото: blog.joinfightcamp.com

Kyzylorda-news.kz  Халықаралық олимпиада комитеті IBA құрамына кірген боксшыларды 2028 жылғы олимпиада ойындарына қатыстырмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Халықаралық олимпиада комитеті Халықаралық бокс қауымдастығының құрамында болған елдерді 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін олимпиада ойындарына қатыстырмайтынын мәлімдеді. Оған басты себеп IBA президенті Умар Кремлевтің олимпиадада орын алған боксшыларға ақшалай сыйақы тағайындауы болды. ХОК бұл қаржының қайдан келгені мүлдем түсініксіз екенін айтып, сол себепті де IBA-ны мойындамайтынын жеткізді. Қазақстан құрамасы IBA-ның құрамына кіргендік келесі олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін. Барлық мемлекет Халықаралық бокс қауымдастығының құрамынынан шыққан кезде ғана олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, IBA жұмысының ашық еместігіне байланысты қазіргі уақытта бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына қосылмаған.

Тағы да оқыңыз: