Kyzylorda-news.kz Евразия спорт кешенінде Исматуллаев Бердіхан Лесханұлын еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.
Турнир дәстүрлі түрде биыл жетінші мәрте өткізілуде. Ондағы мақсат - халыққа қалтқысыз қызмет еткен арда азаматтың есімін ұлықтау.
Турнирге жасы 45-тен асқан 100-ге жуық спортшыдан құралған 8 команда қатысты.
Доп додасының ашылу салтанатында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов Бердіхан Лесханұлының азаматтық болмысын тілге тиек етіп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер және үздік ойын көрсеткен номинация иегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен медальдар, кубоктар, статуеткалар және қаржылай сыйақылар табысталды.
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі