Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласының Достық үйінің ауласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері арасында асық ату турнирі өткізілді.
Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестігінің жастар белсенділері, «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.
Асық ойыны арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, халықты рухани дәстүріне насихаттау. Асық ату – барлық ұлттық спорт түрлерінің бастауы. Оның тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алады және халықтың тұрмысымен тығыз байланысты.

Жастар арасында асық атуды тек дәстүр ретінде емес, қоғамды біріктіретін заманауи мәдени құбылыс ретінде дамыту болып табылады. Ұлттық спорт – жай ғана тренд емес, ол ұлттың болмысы, рухы мен патриотизм болып табылады.
Тартысты ойын нәтижесінде жүлделі I орын Махадинов Исмаил, II орын Мажит Ақбота және III орын Хегай Роман иеленді.
Байқау жеңімпаздарына «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Қамалов атынан дипломдар табысталды.
