Kyzylorda-news.kz. Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында бүгін, яғни 16 ақпанда қазақстандық атлеттер үш спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Атап айтсақ, Тау шаңғысы, Шаңғы жарысы және шорт-тректен спортшыларымыз ел намысын қорғайды.

16 ақпандағы жарыс кестесі

Тау шаңғысы

8:15 Слалом. Ерлер. Бірінші мүмкіндік

11:45 Слалом. Ерлер. Екінші мүмкіндік

Шаңғы жарысы

13:15 Командалық спринт. Жартылай финал. Әйелдер/Ерлер. Классикалық стиль

15:15 Командалық спринт. Финал. Әйелдер/Ерлер. Классикалық стиль

Шорт-трек

Әйелдер:

17:30 1500 м. Ширек финал

18:15 1500 м. Жартылай финал

18:44 1500 м. Финал.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар – қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.

Тағы да оқыңыз: