Kyzylorda-news.kz Жақында Астана қаласында ардагерлер мен әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты өткен болатын. Аталмыш жарысқа Қызылорда облысынан қатысқан 14 ардагер үздіктер арасынан топ жарып, жүлделі орындарға ие болды.

Осыған орай, кеше Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы жеңімпаз атанған ардагерлерді арнайы қабылдап, теңдессіз жетістіктерімен құттықтады. Сонымен қатар, басқарма басшысы ардагер спортшылардың спортты дамытуға ерекше үлес қосып, жоғары деңгейдегі жарыстарда белсенділік танытқандарына зор ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, алда өтетін байрақты бәсекелерде ардагерлердің үздік нәтиже көрсететініне сенім білдірді.

Айта кетейік, аталмыш жарыста қызылордалық қатысушылар 22 алтын, 16 күміс, 10 қола барлығы 48 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 4-ші орынға ие болды.

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: