Kyzylorda-news.kz. Тарих қойнауына енетін 2022 жыл Сыр өңірінің спорт саласы үшін жетістікке толы болды. Бұл – Қызылорда облысы үшін үлкен абырой. Осы орайда Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі барыс жылындағы аймақ спортшылары жетістіктерінің топтамасын сіздерге ұсынады.
Мақсат Исағабылов – Румынияда өткен ұлттық спорт түрлерінен Әлем Кубогының қазақ күресінен алтын медаль иегері. Республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің чемпионы.
Бекжан Төлепов – қазақ күресінен Әлем Кубогының жеңімпазы.
Аңсат Алдияр – Мамаяда шахматтан өткен Әлем чемпионатының қола медаль жүлдегері.
Айдос Сұлтанғали – Белградта (Сербия) өткен Әлем чемпионатында грек-рим күресінен 60 келі салмақта жеңімпаз.
Шархан Нұрлыхан – дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Мағжан Шамшадин – Хорватияның Загреб қаласында өткен Дзюдодан Халықаралық «Grand Frix» турнирының жеңімпазы және дзюдодан Израильде өткен Гран Слэм турнирының қола жүлде иегері. Дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Акбар Алтай – Тайландта дзюдодан өткен Азия чемпионатының 73 келі салмақта I орын иегері.
Назерке Нұрғали – Грецияның Родес қаласында шахматтан 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Әлем чемпионы. Филлипиныда өткен Азия чемпионатының II орын иегері.
Әсел Серікбай – Италияда 20 жасқа дейінгі қыздар арасында шахматтан өткен Әлем чемпионатының II орын иегері, гроссмейстер.
Айсамал Сансызбаева – Грецияның Ираклион қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Айзада Мүптілдә – Түркияда өткен Ислам ойындарының ауыр атлетикадан жеңімпазы. Бахрейнде өткен Азия біріншілігінің чемпионы.
Азамат Ахметов – Малазияда муайтайдан жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатының чемпионы.
Ақтілек Орынбасар – Францияның Нормандия қаласында өткен Дүниежүзілік гимназиаданың бокстан 54 кг I орын иегері.
Нұрдаулет Маратұлы – Францияның Нормандия қаласында өткен Дүниежүзілік гимназиаданың еркін күрестен I орын жүлдегері.
Ерасыл Сәулебеков – Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатының чемпионы.
Станислав Шакиев және Фариза Төлжан – Оңтүстік Кореяда Парапауэрлифтингтен өткен Ашық Азия және Океания чемпионатының жүлдегерлері.
Аслан Силықбек – Индияда өткен Азия чемпионатында велоспорттан өткен Азия чемпионатының чемпионы.
Еламан Жоламан – Мароккода пара жеңіл атлетикадан Бүкіләлемдік Гран-при сериясының халықаралық классификациялық турнирінің қола медаль иегері.
Нұрасыл Тілектесов – Италия мемлекетінің Лидо ди Езола қаласында өткен жастар мен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен 51 келі салмақта әлем чемпионы.
Асылжан Бектай – Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатының чемпионы.
Карбозов Нұрдаулет – Испанияда грэпплингтен өткен Әлем чемпионатының I орын иегері.
Олжас Оразалы – Әзірбайжанда Пара дзюдодан өткен Әлем чемпионатының III орын иегері.
Гүлсая Ержан – Иордания мемлекетінің астанасы Амман қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Қамшыбек Қоңқабаев – Иорданияда өткен бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Қайсар Төлеген – Үндістанның Нью Дели қаласында өткен гір спортынан әлем біріншілігінің жеңімпазы.
«Қайсар» қыздар командасы – гандболдан ел біріншілігінің 12 мәрте чемпионы.
«Қайсар» футбол командасы – Премьер-лигаға жолдама.
