Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевқа көптен күткен «Вэл Баркер» Кубогы қайта табысталды.
Бақтияр Ғарифоллаұлы 2021 жылы Сербиядағы Әлем чемпионатында осы жүлдені Халықаралық бокс федерациясының музейіне табыстаған болатын. Араға уақыт салып көптен күткен «Вэл Баркер» Кубогы басқарма басшысының қолына тиді.
«Вэл Баркер» Кубогы – Олимпиада Ойындарындағы үздік боксшыға берілетін қайталанбас жүлде. 2004 жылы Афинадағы бәсекеде чемпион атанған Бақтияр Артаев жарыстың үздік былғары қолғап шебері деп танылды. Артаев өз кубогын бірнеше жыл бұрын халықаралық ұйымға тапсырып, осы мәселе шешімін таппаған еді. Қазақстан бокс федерациясы әлемдік спорттағы құнды жәдігер саналатын жүлдені қайтару үшін нақты қадамдар жасады. Осылайша, Вэл Баркер Кубогы өз иесін тапты.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы