Қармақшы ауданында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қармақшы ауданы әкімінің жүлдесіне арналған шағын футболдан облыстық турнир өз мәресіне жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды – «Меншікті тілшілер» командасы, II орынды – «Сыр медиа» ЖШС командасы, III орынды – «Qyzylorda.tv» командасы жеңіп алды. Жүлдегер командаларға арнайы дәрежелік дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншыларға «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы»номинациялары бойынша марапаттар тапсырылды.

Жарысқа белсене қатысқан басқа командаларға да алғыс хаттар табысталды.

Тағы да оқыңыз: