Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық «Байқоңыр» футбол командасы алғашқы қарсыласын жеңді.

Ташкент қаласында маусымға дайындығын пысықтап жүрген “Байқоңыр” командасы жиындағы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. “Янгиер” командасына қарсы өткен кездесуде қызылордалық футболшылар 2-1 есебімен жеңіске жетті.

“Байқоңыр” сапынан Қасымхан Алпысбаев пен Фарух Мирсалимбаев көзге көрінді. Шойтымов шәкірттері 17 ақпанда өзбекстандық тағы бір командамен кездесетін болады.

Тағы да оқыңыз: