Kyzylorda-news.kz. «Ғылым және ғарыш» стелласында жастар мен ардагерлер арасындағы велосипед спортынан Қазақстан Республикасы чемпионаты қорытындыланып жабылу салтанаты өтті.

Шарада Қызылорда облысының әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ. Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысы К. Бусыгин қаламызда алғаш рет өткізілген чемпионаттың бұқаралық спортты одан әрі дамытуда, жастар арасында спортпен шұғылдануды насихаттауда алатын ерекше орнын атап өтіп, ұйымдастыру алқасына және төрешілерге алғыс хаттар табыстады.

Көпкүндік чемпионат нәтижесінде 1-орынды Солтүстік Қазақстан облысының командасы иеленсе, 2-орынды Алматы қаласының командасы қанжығасына байлады. Ал 3-орын Астана қаласының командасына бұйырды.

Айта кетейік, 12-16 сәуір аралығында Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағында тас жолдан жастар және «Masters» ардагерлері арасында 5 этаптан тұратын велосипед спортынан чемпионат өтті. Чемпионатқа елімізде 15 команда, көршілес Ресейден, Қырғызстаннан және еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшылар қатысты. Спортшылар велоспортының олимпиадалық: топтық, жеке жарыс, олимпиадалық емес түрлері: критериум, командалық жарыстан тартыстан додаға түсті. Чемпионат соңында жасөспірімдер арасындағы «Жалпы классификация» мен «Командалық есеп» жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.


Фото: © Panoramic / ZUMA Press / Global Look Press

Тағы да оқыңыз: