Kyzylorda-news.kz Қазақстан ерлер құрамасы шаңғы жарысынан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев қатысты. Шаңғышылар 4x7,5 шақырымдық спринт бағдарламасында сынға түсті.
Бұл бәсекеде Жапония құрамасы екінші орын алды. Алтын медальды алаң иелері – Қытай құрамасы жеңіп алды.
Осылайша Қазақстан құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында 15-ші жүлдесін жеңіп алды. Қазір қоржынымызда 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар. Жалпы есепте Қазақстан төртінші орында келеді. Әзірге үздік үштікте Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары.
Фото: Тұрар Қазанғапов