Kyzylorda-news.kz. Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Айзада Мүптілда (+87 келі) қола жүлдені иеленді. Ол жұлқа көтеруде 118 келіні, серпе көтеруде 151 келіні еңсеріп, қоссайыста 269 келіні көтерді.

Ол жақында ғана Қызылорда қаласында ауыр атлетикадан өткен онлайн Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында бірінші орынды жеңіп алған болатын.

А.Мүптілда – 1998 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылында дүниеге келген. Ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. Ол Қызылорда қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алады.

Мүптілданы жарысқа білікті бапкерлер Альберт Хакимулин мен Арман Абдраев дайындады.

Тағы да оқыңыз: