Азия чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев финалға шықты – Kyzylorda News
Басты бет

Азия чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев финалға шықты

29.05.2021, 15:09

1121 0

Kyzylorda-news.kz. Бокстан Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында жартылай финал ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыстың аталған сатысында еліміз атынан 6 былғары қолғап шебері сынға түсетінін жазған едік.

Жартылай финалда рингке алғашқы болып шыққан Даниял Сәбит (49 келі) филиппиндік Марк Лестер Дюренстің осал тұсын таба алды.

Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келі) моңғолиялық Баттөмөр Мишеелттен мықты екенін көрсетті.

Тағы бір қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл 75 келіде ирандық Сейедшахин Мусавиді тізе бүктірді.

91 келіде Василий Левит қырғызстандық Рустам Ырысбек уулмен шаршы алаңда бәсеке көрігін қыздырып, жеңісті жолын жалғастырды.

Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келі) ирандық Пуриа Амириден басым түсті.

Ал 52 келіде Сәкен Бибосынов Амит Пангалдан жеңіліп қалды.

Осылайша қазақстандық 5 боксшы финалға жолдама алды.

Еске салсақ, кеше қыздар арасында жартылай финал жекпе-жектері өтті. 5 боксшы – финалда.

Азия чемпионаты 24 мамырда басталды. Ақтық кездесулер 31 мамырда болады.

0

Пікір қалдыру