Kyzylorda-news.kz. Дохада ауыр атлетикадан Катар кубогы жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лицензиялық бұл додада Қазақстаннан барлығы жеті атлет өнер көрсетті.

Илья Ильин 96 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қоссайыс қорытындысында бесінші орынды қанағат тұтты.

Тағы бір қазақстандық Ибрагим Берсанов 109 келіге дейінгі салмақта жүлдеге қол созым жерден тоқтап, төртінші орынға ие болды.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Игорь Сонның Катардағы турнирде жеңімпаз атанғанын, ал Раушан Мешітханованың үздік төрттікке іліккенін жазған болатынбыз. Осылайша Қазақстан құрамасы олимпиадаға іріктеу сайыстарының бірі саналатын, рейтингтік ұпайлар берілетін турнирде жалғыз медальмен шектелді.

Тағы да оқыңыз: