Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданы әкімі Берік Сәрменбаев Бесарық ауылында салынып жатқан спорт кешені құрылысының барысын көрді.

Ауыл халқының спортпен тұрақты шұғылдануына мол мүмкіндік жасайтын спорт нысанының құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС атқаруда. Қазіргі таңда спорт кешенінің ішкі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, спорттық құрылғылар орнатылуда.

Аудан әкімі спорт нысанының елді мекен тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап, оның сапалы салынуы басты шарт екенін ескертті. Құрылыс барысында орын алған кемшіліктерді жылдам қалпына келтіруді айтты. Салалық орынбасарына осы жұмыстарды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

– Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын даңқты спортшылар ауылдан көптеп шығатыны мәлім. Өз кезегінде Бесарық ауылында жаңа спорт кешені салынуда. Әрине, құрылыс жұмыстары жүргізілгенде сапаға аса мән берген абзал. Қашанда ауыл балаларына спортпен шұғылдануға жайлы орта қалыптастыру маңызды. Алдағы уақытта Бесарық ауылына даңқты спортшылар шығатына сенеміз. Бапкерлер білекті, жүрек спортшылар шығарытына сенеміз. Қай кезде де, жастарға үміт арта береміз. Алдағы спорт кешені чемпиондар ордасын айналады деп білемін, – деді аудан басшысы.   

Тағы да оқыңыз: