Kyzylorda-news.kz Өскеменде Паралимпиада және арнайы олимпиадалық бағдарламалардың спортшылары арасында ҚР Ат спорты федерациясының кубогы үшін республикалық жарыс өтті. Оған Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларынан 40-қа жуық мүмкіндігі шектеулі шабандоз қатысты. Жарыс ҚР Ат спорты федерациясы, «Ақ тай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қоры, Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Қазцинк» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды.
Үздіктер қатарында Қызылорда қаласының тұрғыны, «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қорының түлегі – Құрмет Сейдахметов бар. Ол бірінші орын иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі шабандоздар үшін ҚР FCS кубогы Қазақстанда өткізілетін жалғыз спорттық жарыс түрі. Сондай-ақ 20 шілдеде әр номинация мен пән бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Құрмет Сейдахметов Балалардағы церебералды паралич оң жақты гемипаретикалық диагнозбен бойынша есепте тұрады. Ол «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қорының «Иппотерапия» оңалту орталығында ем қабылдауда.
«Альтаир-Бөбек» қоғамдық қорының «Иппотерапия» оңалту орталығы 2017 жылы Қызылорда қаласы бойынша ерекше қажеттілігі бар балаларға «Иппотерапия» оңалту жобасы іске қосылды.
Аталған қор түлектері бұған дейін жеңімпаздар қатарынан көрінген. Мәселен «ҚР Ат спорты федерациясының кубогы» үшін ашық республикалық жарысында 2017 жылы Мөлдір Жақсылық «Халықаралық ат спорты» жарысында ІІІ орынды иеленген. 2022 жылы Айару Алтынбек Паралимпиадалық және арнайы олимпиадалық бағдарламалардың спортшылары үшін «ҚР Ат спорты федерациясының кубогы» VI ашық Республикалық жарысқа Қызылорда облысы атынан қатысып, ІІІ орынды иеленді. Ал Ерасыл Маратов «Пара ат спортынан ҚР-ның Чемпионатында» ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ Ерасыл Маратов «2023 жылға паралимпиадалық ат спорты» бойынша қатысып, І орын алды.
Жарыс ерекше балаларды заманауи қоғамда әлеуметтік бейімдеу, бала тұлғасының үйлесімді дамуына ықпал ету, паралимпиадалық құндылықтарды тарату және инклюзивті қоғамды дамыту мақсатында өткізілді. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар саламатты өмір салтын насихаттауға және ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар арасында паралимпиадалық спорт түрлерін дамытуға ықпал етеді.
Жоғарыда атап өткендей, ерекше қажеттілігі бар балаларға қосымша оңалту қызметтерін көрсету мақсатында өңірімізде иппотерапиямен оңалту қызметі жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы бұл бағытқа облыстық бюджеттен 26 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 200 балаға қызмет көрсетілді. Нәтижесінде ат спорты бойынша республикалық паралимпиадалық жарыстарға қатысқан қызмет алушылар кейінгі екі жылда жүлделі орындарға ие болған. Биыл бұл бағытқа 24,4 млн теңге бөлініп, медициналық қарсы көрсетілімі жоқ 150 балаға иппотерапиямен оңалту қызметі көрсетілуде.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 2022 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдар мен балаларды әлеуметтік қолдауға арналған әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар жүзеге асырылуда.